too_pvk@mail.ru

  Call center: 66-10-10

Цвет сайта: Ц Ц Ц Размер шрифта: А+ А А-

Авариялық-диспетчерлік қызметтің телефоны - 60-45-68, 57-24-72
Есептегіш көрсеткіштерін беру, есептеулер, төлеу, пломба салу және шарттар жасау мәселелері бойынша біріңғай анықтама қызметіне хабарласыңыз – 32-12-70:
электрондық пошта ТОО "Павлодар водоканал" too_pvk@mail.ru. электрондық пошта ТОО ЕРЦ г. Павлодара erc_pavlodar@mail.ru

Су құбыры және /немесе канализация желілерінің орталықтандырылған жүйесіне жаңадан салынған желіні қосуға арналған іс-шаралар регламенті

1. Нысанды тұтынушы (Меншік иесі) Қазақстан Республикасының ұлттық экономика
министрінің 2019 жылғы 13 тамызда № 73 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19242 тіркелген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүргізу ережесінің» 4 қосымшасына сәйкес 5 үлгі бойынша «Павлодар-Водоканал» ЖШС атына өтініш беріп, сумен қамту және/немесе су бұру саласына қосылуға техникалық талаптарды алуы қажет, мына құжатар тізімі қоса берілуі тиіс:
• жеке тұлғалар үшін - нысан иесін куәландыратын құжат көшірмесі, заңды
тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігі немесе анықтама қағазы;
• құрылыс телімінің 1:500 көлеміндегі топографиялық түсірілімі (жер астындағы және жер
үстіндегі барлық коммуникациялары және құрылыстары көрсетілген);
• сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік жағдайларға қолданғанда сумен
қамту және (немесе) су бұру қызметтерін қолданудың тапсырыс көлемін негіздейтін материалдары;
• тұтынушының өндірістік суларын тазарту ға арналған жергілікті тазарту имаратының
сипаттамасы (қолданыстағы нысандарға);
• сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік жағдайларға қолданғанда,
елдімекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын сарқынды сулардың сипаттамасы, мынадай көрсеткіштермен:
• өндірістік сарқынды сулардың түрлері бойынша шығындары;
• тұрмыстық сарқынды сулардың шығындары;
• өндірістік сарқынды сулардың қазіргі жағдайдағы және келешектегі жеке көрсеткіштері бойынша (физикалық, химиялық, биохимикалық, бактериялық, радиобелсенділік) ластану (талдау) құрамы.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтарда № 2 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 22036 тіркелген «Павлодар-Водоканал» ЖШС тарапынан берілген типтік үлгідегі инженерлік желілерге қосылудың техникалық талаптарының 5 тармағының 2 тармақшасына сәйкес/шегінде инженерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық құжаттарды жасау;
3. Сумен қамту және/немесе су бұру саласына қосылуға алынған техникалық талаптарға және соған сәйкес жасалған жобалық құжаттарға сәйкес су құбыры және/немесе канализация желілерін өткізу бойынша жұмыстары жүргізу.
4. Су құбыры және/немесе канализация желілерін өткізу бойынша жұмыстарын аяқтағаннан кейін Тұтынушы «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не нысанды тексеру қажеттілігі туралы жазбаша түрде хабарласады, онымен Қызмет берушіге жұмыстың аяқталғанын және оның техникалық талаптарға және соған сәйкес жасалған жобалық құжаттарға сәйкес екендігін хабарлайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Атқарылған жұмыстар техникалық талаптарға сәйкес келген жағдайда реттелетін қызмет көрсетулерге қосылу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Атқарылған жұмыстар техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда табиғи монополиялар субъектісі Тұтынушыны реттелетін қызмет көрсетулерді пайдалануға құрылыс объектісінің дайын еместігі туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

5. Көшелік су құбырының желілеріне қосылу/ағытуды жүргізу үшін Тұтынушы Қазақстан
Республикасының ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамызда № 73 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19242 тіркелген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүргізу ережесінің» сәйкес «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не қосылу/ағыту жұмыстарын жүргізуге өтініш беруі тиіс, бұл дегеніміз:
• Табиғи монополиялар субъектісінің қолданыстағы желілерді ағытуы;
• Тұтынушының қолданыстағы желілерге қосылуын жүргізуі;
• Табиғи монополиялар субъектісінің қолданыстағы желілерді қосуы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Көшелік су құбырының желілеріне қосылу/ағытуды жүргізу кезінде
берілген техникалық талаптарға сәйкес атқарылған жұмыстарды тексеру және реттелетін қызмет көрсетулерді алуға дайындығын жүргізу, сондай-ақ сумен қамту және су бұру қызметін алуға шарт жасау кезеңіне дейін Тұтынушы негізгі су құбыры желілері мен қосылу орнында (орталықтандырған сумен қамту желісіне қосылу орнында) көрінетін алшақтық болуын қарастыруы қажет.

6. Көшелік су құбырының желілеріне қосылу (жалғау) сумен қамту және (немесе) су бұру
ұйымының өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
7. Су құбырын пайдалануға қосу алдында Тұтынушы сумен қамту және (немесе) су бұру ұйымы
өкілінің қатысуымен құбырды гидравликалық тексерістен өткізуді, шаюды, хлорлауды жүргізуі қажет. Аккредитациясы бар зертханада шайылған құбырдан алынған судың орталықтандырылған сумен қамту жүйесіндегі су сапасының санитарлы-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келетіндігі туралы зертханалық нәтижені алуы қажет.
8. Су құбырының гидравликалық тексерісін өзкізу алдында Тұтынушы сумен қамту және су бұру
жөніндегі ұйымның телеинспекция зертханасында жаңадан салынған су құбырының (Д=200 мм және одан жоғары) телеинспекциясын жүргізуі қажет;
9. Шайылған құбырдан алынған судың зертханалық тексерісі оң нәтиже берген жағдайда Тұтынушы Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі Агенттігінің Төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген «Сумен қамту және су бұру жүйесін пайдалануда нормативтік техникалық ысырапты және өндірістік шығындарды есептеу әдісіне» сәйкес шаюға пайдаланған су көлемінің төлемін жүргізуі қажет – шайылатын құбыр диаметрі, шайылатын құбырдың толық бөлігі бойынша су қозғалысының жылдамдығы секундына 1 м-ден кем түспейтін, гидравликалық тексеру жүргізілген күннен бастап оң нәтижелі талдау алған күнге дейін шаю жүргізілген нақты уақытына жұмсалатын су;
10. Құбырды шайып, зарарсыздандырғаннан кейін Тұтынушы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамызда № 621 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 12111 тіркелген «Сумен қамту және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспабын таңдау, жинақтау және пайдалану ережелеріне» сәйкес, ғимаратқа құбырды өткізу жерінде, жабыстыра-қоса салынған жайларда сумен қамту және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның ӨАЖ-мен үйлестірілген, деректерді қашықтан беру құралдарымен жабдықталған су шығынын есептеу аспабын (аспаптарын) орнатады.
2. Су шығынын есептеу аспабын орнатқаннан кейін Тұтынушы, «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпанда № 163 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 10658 тіркелген «Елдімекендерде сумен қамту және су бұру жүйесін пайдалану ережелеріне» сәйкес аспапқа пломба салу туралы өтініш беруі қажет.
11. Су шығынын есептеу аспабына пломба салу актісін және су құбыры және/немесе канализация желілеріне қосылу дайындығының, сондай-ақ сумен қамту және су бұру қызметін көрсету жөнінде шарт жасауға актісін алған соң, Тұтынушы су құбыры және канализация желілерін пайдалану және баланстық қатынасы актісін алуға өтініш береді.
Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы арасындағы сумен қамту және/немесе су бұру қызметін көрсету жөнінде шарт жасайды;

 

 

ТОО "Павлодар водоканал"
Республика Казахстан, г. Павлодар
© 2018 ТОО "Павлодар водоканал". Все права защищены. Сайт картасы