Электрондық хабарламалар
2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енген «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес «Павлодар-Водоканал» ЖШС кеңсесі арқылы су құбыры мен кәріз желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге өтініштер қабылдау тоқтатылғанын барлық тұтынушыларға хабарлаймыз.
Өтініштерді беру және оларды қарау нәтижелерін алу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы, уәкілетті органның цифрлық жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (МҚК АҮО) арқылы ғана жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалардың назарына!
Сәуір айынан бастап «Павлодар-Водоканал» ЖШС электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталында көрсетілген қызметтер актілерінің электрондық форматына көшетінін хабарлаймыз.
- esf.gov.kz:8443/esf-web/app
Құрметпен «Павлодар-Водоканал» ЖСШ


